Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Зағип жандар арасында азан шақырудан жарыс өтті
05 желтоқсан, 2016 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Гудермес қаласының «Шейх Ташу-Хаджи» орталық мешітінде азан шақырудан жарыс өтті. Ресейде алғаш рет орын алған мұндай сайыс, тарихта қалмақшы. Себебі, барлығы да тағдырдың тауқыметіне ұшырап, көз жанарынан айрылған зағип жандар. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан, бірінен-бірі озған сайыскерлердің керемет дауысына барша көрермен тәнті болғандарын айтады.

Аталмыш сайыста өзінің ерекше дауысымен көзге түскен Ислам Газмагамаев бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлделі екінші орынды Асламбек Сардалов иеленіп, кезекті үшінші орын Расул Газиевке табысталды. Аталған жүлделі орын иелеріне алғыс хаттармен бірге қаржылай сыйлықтар да тарту етілді.

Бастарындағы осындай қиындықтарына қарамастан, жарысқа қатысқан барлық сайыскер Аллаға деген шынайы сенімнің арқасында барша жұртқа үлгі болып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары