Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДА КӨЗІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ КҮЗЕТШІСІ
10 желтоқсан, 2016 жыл 142 Басып шығару нұсқасы

Бұл қайғылы оқиға биылғы жылы қасиетті Рамазан айында орын алған екен. Мадина шаһарындағы Пайғамбар мешітінің қауіпсіздігіне жауап беретін Төтенше жағдайлар министрілігіне қарасты бөлімшеде қызмет атқаратын Хисам ас-Субхи сол күні өзінің әріптестерімен бірге ауладағы дастарханға жайғасып, ауыз ашуға кіріскен болатын. Кенет көпшілік арасынан қолына қорап ұстаған белгісіз жан жүгіріп шығып, мешітке қарай бет алады. Оны тоқтатуға тырысқан төрт әскери оқиға орнында жан тапсырады. Ал, Хисам ас-Субхи жарылыстан тірі қалғанымен, қос жанарынан айырылады.

«Біз ауыз ашуға енді кіріскен едік. Кенет қасымыздан қолында қорабы бар белгісіз біреу өте шықты. Біз оны тамақ тасып жүргендердің бірі болар дегенбіз. Сол-ақ, гүрс етіп жарылыс болды. Қасымдағы жолдастарымның төртеуі де қаза тапты», – дейді Хисам.

25 жастағы Хисам бала кезінен әскери болуды армандаған екен. Алайда, тағдыр оны бұл арманымен ұзақ қауыштырмады.

Muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары