Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өкіл имам Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды
12 желтоқсан, 2016 жыл 1006 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни салада жемісті қызмет етіп жүрген бас имамдар мен Діни басқарма қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, алғыс хатпен марапаттаған болатын.

Биылғы жылы Қарағанды облыстық орталық мешітінде де жылдағы үрдіске сәйкес дін саласында біршама жемісті жұмыстар атқарылып, белсенді қызметтер мен ізгі іс-шаралар жүзеге асырылды. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы қажырлы қызметтер мен елеулі еңбектері үшін Бас мүфти өзінің  кезекті алғыс хатын  Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаға табыстады.

Рәсім соңында Бас мүфти алғыс хат иегерлерін дін жолындағы қызметті одан әрі үздіксіз дамыту керектігін айтты және бұдан кейінгі жұмыстарына жеміс тіледі.

Хазрет тарапынан Тәуелсіздік мерекесіне орай көрсетілген бұл марапат Қарағанды облыстық орталық мешітінің қажырлы жұмысына жаңа серпін берері сөзсіз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары