Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Кейкі батырдың кескіні анықталды
15 желтоқсан, 2016 жыл 218 Басып шығару нұсқасы

Белгілі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Кейкі батырдың бассүйегінің қалыпқа келтірілген эскизін жариялады. Жоспар бойынша Кейкі батырдың бассүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау желтоқсан айына белгіленген болатын. Айта кетейік, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Нәтижесінде 6 қазан күні батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын.

Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

szh.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары