Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жер астынан 18 қабатты қала табылды (фото)
18 желтоқсан, 2016 жыл 691 Басып шығару нұсқасы

Түркияда Каппадокия тарихи мекенінің астынан Деринкүй қаласы табылды. 18 қабаттан тұратын қалаға 20 мың адам еркін сыйып кетеді екен. 1963 жылы Каппадокия ауданында тұратын ер адам өзінің үйін тұрғызғысы келеді. Алайда ол кездейсоқ таңқалдырарлық мекенге тап болады. Ол туннель жүріп жатқан құпия бөлмеге кездеседі. Ол туннель Деринкүй деп аталатын жер асты қаласын тауып алған. Жер астындағы құпия қала 20 мың тұрғынға дейін еркін сыйдыра алады екен. Қала ежелгі Византия дәуірі кезінде, шамамен 780-1180 жылдары салынған. Қала ішінде – асханалар желісі, атқоралар, шіркеу, үңгір, құдық, тіпті мектепке дейін бар екен. Ол жергілікті тұрғындарды араб-византия әскерінен және табиғи апаттардан қорғайтын бункер ретінде қолданылған. Жау жақындаған кезде қаланың қақпалары іштен жабылып қалатын болған. Сонымен қатар, әр қабаты жеке-жеке жабылып қалатын жүйемен жасалған. Мұндағы құпия үңгірлер Капподокияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартып жатыр.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары