Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Аптасына мыңдаған бала көктей солады
23 желтоқсан, 2016 жыл 276 Басып шығару нұсқасы

Қарулы қақтығыс өршіп тұрған Йеменде бір аптада мыңдаған бала көктей солып, көз жұмады. Халықаралық мәртебесі бар, балаларды қорғаумен шұғылданатын Save the Children ұйымы осындай жантүршігерлік дерек келтіріп отыр. Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, аталған елдегі балалар өлімінің дені дәрі-дәрмек пен медициналық көмектің жетіспеушіліген опат болып жатыр. "Тіпті, соғыс оты тұтанбай тұрып та бұл елде балалар осындай себептермен көптеп өлетін. Қазіргі жағдай мүлдем жан төзгісіз. Балалар аштықтан, жұқпалы аурулардан қырылып жатыр",- деді аталған ұйымның Йемендегі бөлімінің жетекшісі Эдуард Сантьяго.  Халықаралық қатынас еуропалық кеңестің ақпараты бойынша Йемен халқының 86 пайызы гуманитарлық көмекке мұқтаж. 19 млн тұрғын ауыз судан таршылық көріп отыр. 14 млн-нан аса адам азық-түліктің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр. 

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары