Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖЕЛІДЕГІ ЭКСТРЕМИСТІК ӘРЕКЕТТЕРІ ҮШІН 1656 АДАМ ТҰТҚЫНДАЛДЫ
26 желтоқсан, 2016 жыл 209 Басып шығару нұсқасы

Түркияның Ішкі істер министрлігі жарты жылда әлеуметтік желілер арқылы террористік әрекеттерді насихаттағаны үшін 1 656 адамды тұтқындаған.

«Жарты жыл ішінде 3 мың 710 адамға қатысты әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен сот ісі жүріп жатыр. 1656 адам сот шешімімен тұтқындалды. Оларға қатысты терроризмді насихаттап, ел арасына ірткі салды, көпшіліктің көзінше мемлекет басшылығындағы тұлғалардың намысына тиетін сөздер айтты деген айып тағылды» деп келтіреді Риа Новости ІІМ-нің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде 1 203 адамның шартты түрде сотталғандығы, 767 адамның тергеу шараларынан соң босатылғаны айтылады. «84 адамға қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда» деп мәлімдейді министрлік өкілдері.

Muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары