Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Аңызға айналған қос ғашықтың суреті табылды
30 желтоқсан, 2016 жыл 477 Басып шығару нұсқасы

Халық арасына кең тараған, әйгілі «Дудар-ай» әнінің кейіпкерлері Дүйсен атты қазақ жігіті мен Мариям Жагор атты орыс қызының суреті табылды деп хабарлайды abai.kz

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісін қолданушы Мұсайып Сыдықов жария етті.

"Бүгін Қытай мемлекетінде тұратын туыстарыммен (WeChat - "Мұрын ұрпақтары" тобы) пікір алысып отырып, Доқтырқан деген бауырымның чатқа қойған төмендегі суреттін көрдім. 100 пайыз анық деп айта алмаймын, қазағымыздың аузында аңыз-өлеңмен әйгілі болған қарияларымызды қоймасқа болмады. Араб әрпімен "Аттары аңызға айналған қос ғашықтар Мариям Жагор қызы, Дүйсен (Дудар)"-деп жазылған. Одан әрі төменде йероглифпен жазылғанды оқуға, сауатым жетпеді", - деп жазады пост авторы.

nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары