Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Астаналық төрт жасар бала күн санап қартайып бара жатыр (фото)
18 қаңтар, 2017 жыл 452 Басып шығару нұсқасы

Астаналық төрт жасар Ернар Әлібеков тері қартаюы ауруына шалдыққан. Мұнымен қатар иммунтапшылығы кесірінен бағасы 74 мың теңге тұратын дәрі алуға мәжбүр. Ол бір ғана процедураға жетеді. Ал оны апта сайын өмір бойы тұтынып отыру қажет.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Ернардың ауруы туа салысымен басталды. Екі айдан соң бет әлпетінде қыртыстар пайда болды. Генетик маман тері қартаюы деген диагноз қойды. Одан бөлек тағы қосалық аурулары бар: иммунтапшылығы, жүрек ақауы, тыныс демікпесі, өкпе фиброзы. Бұл аурулар бір жастан асқан кезде шыға бастады. Осыған дейін үш рет операцияға түсті”, – дейді Ернардың анасы Зебинса Төлепбергенова.

Төлепбергеновтер отбасы Ташкенттен көшіп келген. Бұған дейін Ернарға дейін туған қыздары 8 айлығында шетінеп кетіпті.

“Жүктілік кезінде бәрі дұрыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, біз күйеуіміз екеуміз алыс туыстар болғандықтан осындай мәселе туындап отыр екен”, – дейді Зебинса Төлепбергенова.

Қазіргі таңда отбасы қалалық әкімдікке өтініш беріп қойған. Енді қаңтар айының аяғында шығатын шешімді күтуде. Көмек сұрамаса, олардың аса қымбат тұратын дәрілер алуға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ, Ернардың анасы жалдамалы пәтерде тұратындықтан, баласына ыңғайлы жағдай жасай алмай жатқанын да айтты. Өйткені, көптеген ауруға қатар шалдыққан бала кез-келген қолайсыздықты ауыр қабылдайды.

stan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары