Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ақшасы жоқ адамдар осы жерден тегін тамақтана алады»
21 қаңтар, 2017 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Канаданың Монреаль қаласындағы шағын кафенің мұсылман иелері қайырымды ісімен көпшілікті қатты таңқалдырды.

Олар есіктің маңдайшасына: «Ақшасы жоқ адамдар осы жерден тегін тамақтана алады» деген жазуды іліп қойған. Бірінің ұлты – ирандық, енді бірі ирактық кәсіпкерлер бұған дейін де мұқтаж адамдарды  тегін тамақтандырып келген. Алайда енді бұл сауапты істі арнайы хабарландыру жазу арқылы жандардырмақ болған.

Кафе иелерінің бірі Яхья Хашемидің айтуынша, көпшілік адамдар мұны жай ғана әзіл не адам тартудың айласы деп түсінеді екен. «Алайда бұл тіпті де олай емес. Біздің бұл қайырымды іске шамамыз әбден жетеді», - дейді ол.

Қаланың жергілікті тұрғындарының бірі аталмыш кафе жайлы Фэйсбук желісіне арнайы жазба таратқаннан кейін, кафенің «беделі» де арта түсіп, танымал бола бастаған.  Жазбаны бір күннің ішінде 5000-нан аса адам оқыған.

Расында, садақа бергеннен ешкімнің дәулеті кеміп қалмақ емес.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

muftiyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары