Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Баласына iPhone түрінде құлпытас қойған ата-ана марқұмның арманы жайлы айтып берді (фото)
23 қаңтар, 2017 жыл 374 Басып шығару нұсқасы

Қайтыс болған алматылық Заңғар Орынбетовтың қабіріне iPhone пішініндегі ескерткіш қойылды. Ерекше құлпытастың суреттері WhatsApp желісінде таралып жатыр. Қаза тапқан жігіттің анасы Сара Ержанованың айтуынша, мұны оның күйеуі ойлап тапқан. Заңғардың әкесі - дизайнер, содан ол iPhone пішінді ескерткіштің эскизін салған. Айта кетейік, Заңғар Орынбетов құрастырушы мамандығы бойынша оқып, Apple өкілдерінің шақыртуымен АҚШ-та жобаларын таныстырып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ өкінішке қарай, Заңғар 2016 жылдың күзінде жол апатына ұшырап, қайтыс болған еді.

Заңғар Орынбетов АҚШ-қа бармастан бір ай бұрын Талдықорғандағы инновациялық жобалар байқауына қатысып, 1,5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алған. Расында ол бұл соманы толық көлемде ала алмады. Байқаудың ұйымдастырушылары оған Applе кеңсесіне баруына ғана ақша берген. Ал қалған соманы "Қазақстанға қайтып келген соң береміз" деп уәде берген. Бірақ Қарағандыдан үйіне қайтып бара жатқан кезде Орынбетов әпкесімен бірге жол апатына ұшырайды. Өкінішке қарай, қазақстандық ақылды пернетақтаны iOS-қа енгізу идеясы сол күйі жүзеге асырылмады.

Қазір Орынбетовтың досы мен әпкесі Заңғардың ісін әрі қарай жалғастыруға дайын. Жігіттің анасы Сара Ержанова Tengrinews.kzтілшісіне бар мәселенің ақшаға тіреліп тұрғанын айтты. Айта кететін жайт, Талдықорғандағы байқауды Алматы облысының әкімдігі өткізген. Бірақ енді қайтыс болған жігіттің туыстары қалған қаражатты ала алмай отыр.
"Менің ұлым Заңғар ақылды пернетақтаны ойлап тапты, 1,5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алды. Бірақ ол тек 750 мың теңге алды. Заңғар сол ақшаға жобасын Apple кеңсесінде таныстыру үшін Америкаға билет алды. Компанияның басшысы Тим Кукпен де кездесті. Сонда тұратын үйіне ақша төледі. Кейін пернетақтаны тестілеуден өткізу үшін және App Store жүйесіне енгізгенде ешқандай қателік болмас үшін Заңғар АҚШ-та Macbook пен iPhone сатып алды, - дейді Ержанова. - Соның барлығын өз ақшамызға сатып алдық. Олар беруі тиіс ақшаның жартысын күзде алуымыз керек болатынбыз, алайда ол қаза тапты (...) Заңғардың жобасы дайын, енді оны жүзеге асыру керек. Алайда iOS-тың жаңа нұсқасы пайда болғандықтан, пернетақтаны қайта ойластырып, қарап шығу керек. Онымен қоса, біз қарызымызды төлеуіміз керек (...) Бірақ әкімдіктегілер қалған ақшаны төлеу мәселесін комиссия шешетінін айтты. Бірақ мұның қалай болатыны бізге түсініксіз", - деді жігіттің анасы.

Енді қаза тапқан жігіттің анасы байқау ұйымдастырушылары гранттың қалған сомасын бермесе де, ұлының жобасын толықтырып, аяқтау үшін және оны App Store жүйесіне енгізу үшін ақша таппақшы.

Ал Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасындағылар қазіргі уақытта бұл мәселемен комиссияның айналысып жатқанын айтты. Комиссия шығарған шешім осы аптада белгілі болады екен.

"Бұл әлі нарықта жоқ ақылды әрі толыққанды қазақстандық пернетақта, яғни, мұндай пернетақтаның ағылшын және орыс тілдеріндегі нұсқалары бар да, қазақшасы әлі жоқ. Бұл пернетақтаның ақылды деп аталуының себебі ол сіздің не жазғыңыз келіп отырғанын біледі және бірден кеткен қателіктерді дұрыстайды", - деген еді Заңғар Орынбетов.

Айта кетейік, Заңғар Орынбетов Сүлейман Демирел атындағы университетті аяқтап, оқытушы көмекшісі қызметін атқарған. Заңғардың анасының айтуынша, ұлының алғашқы компьютері 6-сыныпта пайда болған. Сол кездің өзінде-ақ Заңғар IT-құрастырушы боламын деп және өмірін жаңа технологиялармен байланыстырамын деп шешкен екен.
 

tengrinews.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары