Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ИМАМ ТРАМПҚА ҚАНДАЙ АЯТТАР ОҚЫП БЕРДІ
23 қаңтар, 2017 жыл 462 Басып шығару нұсқасы

Өткен сенбіде Вашингтон қаласындағы Ұлттық кафедральды шіркеуде АҚШ-ның жаңа президенті Дональд Трамптың қызметіне кірісу рәсімі болып өтті. Аталмыш рәсімге түрлі дін өкілдері қатысып, өз діни жоралғыларын жасаған еді.

Аталмыш рәсімге АҚШ мұсылмандары атынан Мухамед Маджид шақырылып, алқалы жиында азан айтуы тиіс болатын. АҚШ мұсылмандары арасында беделі өте жоғары оның исламофоб президенттің таққа отыру рәсіміне қатысуы діндес бауырлары тарапынан қатты сынға ұшырап, наразылығын тудырған еді.+

Алайда, Мухамед Маджид бекітілген бағдарламаны бұзып, жұртшылық мүлдем күтпеген қадам жасады. Мінберге көтерілген ол азан шақырудың орнына қасиетті Құран аяттарын оқи бастайды. «Хужурат» сүресінің 13-аяты мен «Рум» сүресінің 22-аятын оқып болған ол отырған жұртшылыққа аудармасын айтып береді:

«Әй, адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз Алла – толық білуші, әр нәрседен хабар алушы».

«Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар».

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары