Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қырғызстанда қоғамдық орындарда спирттік ішімдік пен былапыт сөзге тыйым салынд
24 қаңтар, 2017 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев "Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске түзетулер енгізу" туралы заңға қол қойды. Құжат қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, былапыт сөз қолданғандарды әкімшілік жазаға тартуды қарастырады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, заңның мақсаты - қоғамда адамгершілік пен жастар тәрбиесін арттыру, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалануға жол бермеу.

Хабарларға қарағанда, қоғамдық тәртіпті бұзғандар 1 мыңнан 3 мың сомға дейін айыппұл төлейді. Жауапқа тартылған азаматтар айыппұлды төлей алмаса, оларды сегіз сағаттық қоғамдық жұмысқа салады немесе бес тәулікке қамайды.

Заң жобасында алкогольдік өнімдер немесе есірткі заттарын кәмелет жасқа толмағандардың қолдану мәселесіне көңіл бөлінген. Мұндай заң бұзушылықтар үшін жасөспірімдердің ата-аналарына 2 мыңнан 3 мың сомға дейін айыппұл салынады.

Заңда қоғамға жат қылық жасаған жасөспірімдерге жаза қатайтылған. Мұндай бұзақылық үшін 5-10 мың сом айыппұл салынады.

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары