Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АС БЕРУДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАҒАМДАР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
26 қаңтар, 2017 жыл 3498 Басып шығару нұсқасы

Құран хатым түсіру және ас беруде қойылатын тағамдар тізімі жарияланды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Өскемен өңірі Зайсан аудандық орталық мешітінің бұл бастамасы басқа өңірлерге де үлгі болса дейміз.

«Шығыс Қазақстан облыстық I ақсақалдар форумында» келісілген шешімге сай биылдан бастап облыс бойынша хатым-науқандарда қойылатын тағамдар тізімі бекітілген екен.

Тағам тізімі шектеулі. Мұндағы мақсат ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу. Бұл туралы хабарламаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Тұрапбек есімді азамат жариялаған.

1. Ет

2. Жайма немесе күріш (ыстық тамақ ретінде)

3. Нан, бауырсақ, шелпек, тоқаш

4. Қант және құрма

5. Шай, сорпа, су

6. Құрт, ірімшік

Өскемен өңірі Зайсан аудандық орталық мешітінің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары