Шахтинск қаласының Бас имамы Қанат Анасұлының бастамасымен, қала əкімшілігінің қолдауымен және «Үммет» қайырымдылық қорының демеушілігімен 110 отбасына 2тонна көмір жеткізілді. Аталмыш қайырымдылық қорының жәрдемі Шахан мешіті мен құлаған үй тұрғындарына да көрсетіліп, әрқайсысына 10 тонна көмір жеткізілді. "Жылу сыйлау" қайырымдылық жобасы арқылы 235 тонна көмір тасымалданды. Осындай қайырымды жандарға Алла разы болсын!
Пікірлер