Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Суррогат аналардың» әрекеті шариғатқа қарсы ма?
30 қаңтар, 2017 жыл 337 Басып шығару нұсқасы

Кіндігі кесілгенше біреудің перзентін құрсағында тоғыз ай көтеріп жүретін «суррогат аналардың» әрекеті шариғатқа қарсы. Діни басқарманың ғұламалар кеңесі бүгін осындай шешім шығарды деп хабарлайды 31 арна.

Өзге отбасына бала туып беру - бүгінде  қызметтің  бір түріне айналғаны жасырын емес. Өйткені, елімізде бесік тербету бақытына зар боп жүрген жанұялардың саны 400 мыңға жуық.

"Суррогат аналардың"  көмегіне жүгінушілердің күрт көбейгені де сондықтан. Ал, құрсақты жалға беруге  дінде неге рұқсат жоқ? Себебі, ғұламалар кеңесінің айтуынша, суррогат ана - ұрығын беретін күйеумен некеде жоқ. Шариғат үкімі осы.

Яғни, діни басқарма  құрсақты жалға беру харам дейді. Дегенмен, «суррогат аналар» мен дәрігерлердің пікірі шариғат үкімімен келіспейді.

Мамандардың пікірінше, дінде болмаса да, заң жүзінде рұқсат берілгендіктен,  бала асырап алудан гөрі  көп отбасылар бәрібір осы жолды таңдайды екен.

Айта кетейік, Қазақстанда жылына шамамен мыңдаған сәби осындай құрсақ аналардың арқасында дүние есігін ашады жатыр.

nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары