Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Халал» деген бір ғана логотип болуы қажет — Діни басқарма
01 ақпан, 2017 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда халал деген бір ғана логотип болуы қажет, -деп пікір білдірді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды.

Халал индустриясы әлемде үлкен жүйеге айналып отыр. Қазіргі күні  халал нарығының қаржы айналымы 2,6 трлн долларды құрайды. Сондықтан халал стандартына қарапайым адамдардан бастап, мемлекеттік емес ұйымдар, мемлекет тарабынан да қызығушылық өте зор. Ал Ғилымбек Мәжиев елімізде халал мәселесі, оны реттеу әлі де кемшін түсіп жатқандығын жеткізді.

«Кездесу барысында біз өз тарабымыздан ел Үкіметіне, құзырлы органдарға бірқатар ұсыныс бермекпіз.  Мәселен, Қазақстанда халал деген бір ғана логотип болуы қажет. Өйткені, Индонезияның, Қырғызстанның, Брунейдің, Қытайдың халал стандартын дамыту бағыттарын көрдік. Тәжірибеге орай бір елде бір логотиптің болуы —  бұл ең алдымен тұтынушылардың, мемлекеттің, сырттан тауар әкелетін кәсіпкердің жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасайтын шарт», — дейді ол.

Осыған қатысты қазіргі уақытта Діни Басқарма Малайзия елінен келген халал индустриясын дамыту жөніндегі кеңесші топпен кездесу өткізіп жатыр. Ғилымбек Мәжиевтің айтуынша, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы үшін халал басты пайда табу көзі емес.

«Бұған қоса бұл логотипті беру құқығына Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы ие болуы қажет. Себебі, біз үшін халал — діни термин. Халал дегеніміз Алланың мұсылмандарға рұқсат еткен асы, қызметі, киімі дегенді білдіреді. Жалпы, халал мен харам терминдері қатар жүреді. Мұны Алла тағаланың екі қылышы деуге болады. Біреуі, рұқсат етіледі, халал дейді, екіншісі рұқсат етілмейді, харам дейді. Рұқсат етілгеніне не етілмегендігіне үкім беру бұл дін мамандарына берілген қызмет», — Мәжиев.

Діни басқарманың аппарат басшысы деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елімізде заңды құрылған мекемелер 3-4 халал  логотипін беруде.

inform.kz Ақжарқын Қыдырханова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары