Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Барлық күнәнің кешірілуіне себеп болған бір ғана жақсылық
10 ақпан, 2017 жыл 334 Басып шығару нұсқасы

Әлеуметтік желілерде жануарларды қорлап, оларға зұлымдық жасалған бейнероликтер көптеп шығыуына байланысты Түркия мемлекетінің Дін Істер басқармасы осыған қатысты халыққа бұйрық шығарды.

  • «Әрбір жануар Ұлы Жаратушының баға жетпес жаратылысы. Олардың барлығы адамнан мейірім күтеді. Ал, оларды қорлап, зиян келтіру ислам мәдениетіне жат әрекет»,-  дейді Дін істері басқармасы.

Өзінің осындай қайырымды әрекетімен Гиресун қаласының тұрғыны Бюлент Калпасиглу көпшіліктің назарын аударды. Ол көшеде иесіз жүрген итті тамақтандырып, жаураған денесін өзінің күртешесімен орап, жылытқан.

  • «Мен бар болғаны қолымнан келген аз ғана мүмкіндігімді пайдаланып, итке қайырымдылық жасадым. Оған күртешемді бермегенімде ит суық күнде үсіп кетер еді»,- дейді Бюлент өз сөзінде.

Ислам дінінде жануарларға қамқорлық көрсетуге ерекше мән берілген. Пайғамбарымыз () сахабаларға шөл далада сусындап өле тұрған итті көріп, мәсісіне толтырып құдықтан су шығарып, оны өлімнен құтқарып қалған бір күнәхар адамның хикаясын айтып, соңында былай деді:

 «Алла Тағала оның бұл әрекетіне сүйініп, күнәларын кешірді». Хадисті Бухари риуаят еткен.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары