Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қыздарға тәрбие беретін “Әжелер мектебі” ашылды
15 ақпан, 2017 жыл 407 Басып шығару нұсқасы

Қызылордада қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп келген әжелердің мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әжелер мектебінің» ашылатыны туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шара барысында айтылды.

Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, қыз-келіншектер қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер айтылды. Әжелермен отырыста салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер талқыланды.

Айта кетейік, бүгінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы жастарға, қыз-келіншектерге тәлім-тәрбие беру бағытындағы өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, бірқатар маңызды шаралар қолға алынбақ. Болашақ ана атанатын нәзік жандылар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Inform.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары