Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бүгін ракпен ауыратын балалар күні
16 ақпан, 2017 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Алғашында бұл күн 2001 жылы күнтізбеде Халықаралық ракпен ауыратын балалар ата-аналарының конфедерациясының ықпалымен дүниеге келді.

Тұңғыш рет Халықаралық ракпен ауыратын балалар күні 15 қаңтарда Люксембург қаласында өткізілген болатын. Кейіннен бұл күнді ақпан айына шегеру туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда, Халықаралық ракпен ауыратын балалар күні 40-тан астам елде аталып өтеді. 

Медициналық статистикаға сүйенсек, жыл сайын дүниежүзінде 200 мыңға жуық бала рак ауыруына шалдығу үстінде. Өкінішке орай олардың жартысынан астамы қатерлі дерттен көз жұмады. Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалардың 350-ге жуығынан қатерлі аурудың пайда болғаны анықталып жатады. Қазіргі таңда 1300-ге жуық балалар онкологиялық клиникалардың тізімінде тұр. 

Мейірімді Алла тағала барлық сәбилерге денсаулық пен ұзақ ғұмыр нәсіп еткей!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары