Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ «ХАЛИФА АЛТАЙ» МЕШІТІНЕ КӨЛІК ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО)
18 ақпан, 2017 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

Қаңтар айында Өскемен облысының басшысы облыстық  мешіттің тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Кездесу барысында   аталмыш мешіттің имамы Ермек Мұқатай облыс әкіміне  автокөлік қажеттілігін жеткізген болатын.  Қасиетті Аллай үйіне келген Даниял Ахметов бұл мәселенің оң шешімін табуға уәде берген. Осыған байланысты қасиетті жұма күні облыс әкімі Даниял Ахметов «Халифа Алтай" мешітін зиарат етіп, өзінің мешіт ұжымына берген уәдесін орындап,  темір тұлпардың кілтін табыстады.

Даниял Ахметов Осындай игі іске қолдау көрсетіп, демеуші болған «Өскемен құрылыс» компаиясының басшысы Ержан Ысқақовқа үлкен алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Даниял Ахметов мешіттің маңындағы көлік тұрағын жөндеуден өткізуді қолға алмақшы.

Облыс басшысы  «Халифа Алтай» мешітінің  жанынан 50-60 орындық медресенің құрылысына да демеу беретінін айтып отыр.

Асыл дініміздің қарқынды дамып, өркендеуі осындай арда азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасы. Қасиетті Алла үйіне үлкен қызмет етіп,  қолдау көрсететін басшылар елімізде көп болғай.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары