Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әмин» сөзін дауыстап айтқаны үшін 113 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
23 ақпан, 2017 жыл 2292 Басып шығару нұсқасы

 

Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен  қаласында «әмин» сөзін дауыстап айтқан мешіт жамағаты сотталып, 113 мың теңге көлемінде айыппұл төлемекші.

Мешіт имамының айтуынша орын алған оқиға Қазақстанның бекітілген ханафи мазхабының ұстанымына сәйкел келмейді.

«Жамағат заңды түрде бекітілген мазхабтың ұстанымдарын бұзуда»,- деген мешіт қызметкері «әмин» сөзін дауыстап айтқан мешіт жамағатының үстінен арыз жазып, сотқа берген. Маңғыстау облыстық сотының табалдырығына дейін жеткен оқиғадан соң, сотталушыны  490-бабы,  2-тармақшасы бойынша кінәліні айыпты деп танып, 113 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

Сотта тағайындалған шешім әлі күшіне енген жоқ. Ақпан айының 27-жұлдызында істі қайта талқыға салу мақсатында аппеляция болмақшы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары