Біз күнделікті 200 теңгені қалай, қайда жұмсағанымызды аңғармаймыз: құнарсыз тағам, темекі деген тәрізді заттарға есепсіз жұмсай береміз. Ал егер артық шығыннан арылсаңыз, қандай мүмкіндіктерге қол жеткізесіз? Есептеп көруге тырыстық.
Егер орта тұрмысты адам жыл бойына 200 теңгеден үнемдейтін болса, қанша қаржы жинай алады? Әр адамның табысы әртүрлі болғанымен, есепке 2017 жылы жалақының ең төменгi мөлшерi ретінде тіркелген 24 459 теңгені алайық.
Шындығында бір ай немесе бір жыл бойы ақша үнемдеу қиын емес. Бірақ біз 200 теңге үнемдеп қанша қаржы жинай аламыз: 30 күнде 6000 теңге немесе 365 күнде 73 000 теңгені қорыңызға сақтай аласыз. Көпшілік бұның өте аз көлем екендігін айтып, қолын бір сілтер. Алайда байқап қараңыз, бұл ақшаларға қандай зат, өзіңізге қандай ұмытылмас сәттер сыйлай аласыз?
Әрине, үнемделген ақшаны қайда жұмсау керектігі өз еркіңізде
Жай ғана 200 теңгені ешқайда жұмсамай, бір жерге сақтап отыруға болады. Бұл көпшіліктің ойына бірінші болып келетін тәсіл. Алайда біз 21-ғасыр өкілі болғандықтан, жаңа мүмкіндіктерді де пайдалана білгеніміз абзал. Смартфондардағы шетсіз-шексіз мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Мысалы, ең қарапайым мобильдік қосымшалардың бірі – “Кошелекті” сынап көріңіз.
Шағын қорытынды. Айлық табыстың ең төменгі мөлшері 24 459 теңгені құрайды. Егер аптасына 40 сағат жұмыс істесек, біз сағатына шамамен 153 теңге табыс табамыз. Сіз үнемдеу қажет соманы бар болғаны 1,5 сағатта асырып таба аласыз. Бір жыл үнемдеу режимінде жүру ақылға сыйымды. Егер табысыңыз біз көрсеткен көлемнен жоғары болса, ақша үнемдеп жүргеніңіз тіптен білінбеуі мүмкін. Оны сіз күнделікті жұмыс кезінде алатын самса, бәлішке жұмсалды немесе автобуспен екі рет жүріп-тұрдым деп есептесеңіз де болады. Қалта өзіңіздікі. Оны томпайту, яки жұқарту да өз қолыңызда. Дегенмен, үнемдеу – миллионерлерге де тән қарекет.
stan.kz
Пікірлер