Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Корол индонезиялықтардың төбе шашын тік тұрғызды
02 наурыз, 2017 жыл 327 Басып шығару нұсқасы

Осы аптада Сауд Арабиясының королі Салман бин Әбдіәзіз 9 күндік сапармен әлемдегі мұсылман халқы ең көп шоғырланған Индонезияға аттанады. Табаны күректей 46 жыл бойы саудиялық монархтар ат ізін салмаған елге королдің 9 күндік сапарына қанша жүк қажет? Мұнша күнге бір адамға ары асса 10 келіге жүк жетіп жатыр. Бір ауыстырып киетін киімі мен өзге де керек-жарақтарын қоса алғанда. Ал королдің жүгі бұл жолы 506 тоннаға жетіп жығылмақ. Бұл сапарында корол екі Mercedes-Benz S600 маркалы екі лимузинін және екі электрлік көтеру құрылғысын өзімен бірге алып жүрмек. Индонезиялық жүк тасымалдаумен айналысатын PT Jasa Angkasa компаниясының өкілі королдің жүгін тасымалдауға 572 жұмысшы жұмылдырылатынын жеткізді. Бұл жайында Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, 2015 жылы АҚШ-қа сапары кезінде корол өзінің нөкерлері үшін 222 бөлмеден тұратын элиталық Four Seasons қонақ үйін тұтас жалға алған еді. 

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары