Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітінде хадис оқудан жарыс өтті (фото)
06 наурыз, 2017 жыл 444 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Алла елшісінің ﷺ хадистерін жатқа айтудан жарыс өтті. «Ақылы бар адамға – иман парыз» атты сайысқа 30-ға жуық студенттер мен оқушылар қатысқан. Жарыс барысында қатысушылар үш кезең барысында:

  • Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ хадистерін жатқа айту;
  • Абайдың қара сөздерін мәнерлеп, мазмұнын ашып жатқа айту;
  • елімізге танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасты.

Талантты да талапкер жастар, Алла елшісінің ﷺ хадистерін жатқа айтып қана қоймай, әрбір хадистің қай кезеңде, қандай оқиғаға байланысты айтылғанын нақтылап жеткізе білді. Сонымен қатар, Абай атамыздың қара сөздерін де нақышына келтіре оқып, қатарластарынан оза шыққан Қарағанды мемлекеттің медецина университетінің 3-курс студенті  Маханова   Айзада Мұратқызы  ақындық өнерімен де көрерменді тәнті етті. Осылайша қазақ қыздары тартысты өткен сайыста бас жүлдені жеңіп алып, ер азаматтардан білім жолында қалыс қалмайтындарын дәлелдеді.  Кезекті І- орын медколледждің 1-курс студенті  Қарабек Айгерім және ҚарМУ 1-курс студенті  Рышкен Асияға тиесілі болды. Сондай-ақ, ІІ және ІІІ орын иелегенген студенттер мен оқушыларға мешіттің бас имамы Нұров Махмуд қажы Нұрұлы марапаттау қағаздары мен арнайы сыйлықтар табыс етті. Көрермендер арасында ынта қойып тыңдап, қатысушыларға маңызды сауалдар қоя білген жастар да арнайы сыйлықтармен марапатталды. Көктемнің алғашқы күндерінде игі бастаманы қолға алған мешіт имамдары жастардың талантына тәнті болып, берекелі дастархан жайды.

Алла елшісі Мұхаммед Мұстафаның ﷺ бізге жеткен хадистерін терең меңгеру үлкен сауапты іс. Жастар арасына насихат ретінде өткізілген бұл шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған. Еліміздің өркендеп, Ислам дінінің кеңінен қанат жаюына ықпал ететін күш – бүгінгі жастар. Сондықтан да, мешіттің бас имамы М.Н.Нұров Елбасының Жолдауында көрсетілген айқын тұстарды насихаттауды мейлінше қолға алуда.

Осындай игі кештің ұйымдастырушылары ҚарМУ магистранттары: Абеуова Дания, Кенжебек Арман және медколледж студенті Қарабек Айгерім.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары