Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Үйде отыра алмайтын 60-тағы әжей Ақтауға "Газельмен" жүк тасымалдап жүр
09 наурыз, 2017 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында көлігі көптің қажетіне жараған кейуана тұрады. Алпысты алқымдаған кейуана аудандағы теміржол қоймасынан Ақтауға жүк тасымалдайды деп жазады "Хабар 24"

Ауыр көлік тізгінін еркін басқаратын Несіпхан әжей қызметіне тиянақты. Қажетінше тәулік бойы жұмысқа шығуға әзір. Жолда бұзылып тұрған көлік жанынан өтіп кету – кейуанаға жат қылық. Кабинадан кимешектегі ананың шыққанын көрген жүргізушілердің бастапқыда абдырайтыны рас. Дереу капотты ашқызып, моторға үңілетін қария қылығына еріксіз бас шайқасады.

Мереке күндері ел қатарлы демалудың орнына кейуана қызметіне шығады. Үйіне ертерек баруға сұранған жастардың орнын басатын мінезі тағы бар. Ұжымында сыйлы қария әрбір мейрам сайын ерекше құрметке бөленіп жүр.

"Бұл кісіні біздің жүк бөлімшесінің анасы деп айтуға болады. 2007 жылдан бері бізбен бірге жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсетеді. Сапалы жұмыс көрсетіп, еңбек етіп жатыр. Қайраттылығымен, өзінің жауапкершілігімен жүк алып, жүк жіберушілердің алғысына ие болып жүрген адам", - дейді Маңғыстау теміржол бөлімшесі жүк қоймасының меңгерушісі Нұрия Нұрымова.

Пойыз кешіксе, Несіпхан әжей де жұмыста кідіреді. Тапсырыс берушіге жеткізетін жүгінің саны мен құжатының дұрыстығына көз жеткізіп алып, жолға шығады. Барған жерінде алғыстан кейін міндетті қойылар сұрақтардың болуына үйреніп алған.

"Үйде отырмайсың ба дейді, барлығы да сұрайды. Өзім жүріске үйреніп қалғанмын, үйде отыра алмаймын. Бір жағынан, денсаулық болған соң. Осы жұмысым жарайды, берекет берсін!", - дейді зейнеткер Несіпхан Садирова.

Жаңаөзеннен Мұнайлыға қоныс аударған әжей үш ұл мен қыз тәрбиелеп, кісі қатарына қосты. Бүгінде алты немере сүйіп отырған кейуана қазыналы 70 жасқа көлік тізгінінде жүріп жетеріне сенімді.

Nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары