Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Асыл арна» жат ағымның жетегінде кеткен жігіт туралы фильм түсірді (фото)
14 наурыз, 2017 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

Терорризм мен экстремизмнің алдын алуға, ұлттық болмысымызға қайшы рухани дерттердің бет-пердесін ашуға бағытталған, дәстүрлі дінімізді, қазақы салт-санамызды дәріптейтін жаңа көркем фильм көрерменге жол тартты.

Шара басында "Асыл арнаның" Бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Мұхамеджан Тазабек сөз алып, жастарды радикализм індетінен сақтандыру үшін, теріс ағымдардың кесір сипаттарын қалың бұқараға ашып көрсету үшін көркем фильм түсіріп, көрерменге кең таратуды мақсат қылғанын айтты.

2 сағатқа жуық көрермен көз алмай көрген кинодан соң әйгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков, "Жас өркен" ЖШС бас директоры, қаламгер Жүсіпбек Қорғасбек, "Қазығұрт" баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаев, "Ақиқат" журналының бас редакторы Аманхан Әлім, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, актер Сәбит Әбдіхалықов, қоғам және мемлекет қайраткерлері Асылы Осман, Амалбек Тшанов, тарихғылымдарының докторы Талас Омарбеков, профессор Айгүл Ісмәқова, "Аbai.kz" интернет порталының бас редакторы, публицист Дәурен Қуат сынды белгілі азаматтар картина жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, пікір білдірді.

 Бұл фильм дәл уақытында түсірілген. Бізге қазір осындай туындылар көп кажет. "Асыл арнаның" тың туындылар жасауға деген ұмтылысы қуантады. “Сергелдең” – қазақ кино тарихындағы осы бағыттағы алғашқы фильм десек те болады, - десті зиялы қауым өкілдері.

Фильмде басты рөлдерді ойнаған Алмат Сақатов, Мақсат Сәбитов, Сафуан Шаймерденов, Әйгерім Сәбитова, Әлия Даниярова, Әсет Есжан да алғашқы көрсетілімнің құрметті қонағы болды.

Айта кетейік, фильм идеясының авторы - Мұхамеджан Тазабек. Қоюшы режиссері - Жандос Құсайынов. Сценарий авторы – Мұрат Есжан. Бас операторы – Еркін Сәтенов.

Зал толы көрерменді бірде күлкіге бөлеп, бірде көзге жас үйірген "Сергелдең" фильмі алдағы уақытта республикалық “Асыл арна” телеарнасының эфирінен көрсетілетін болады.

Nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары