Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

48 жылда 17 532 түп ағаш отырғызыпты (фото)
14 наурыз, 2017 жыл 248 Басып шығару нұсқасы

Самат Әбдішейх есімді Бангладештің 60 жастағы тұрғынын жерлестері «ағаш Самат» атап кеткен. Күнде бір тал еккені үшін. Ол жарты ғасырға жуық, дәлірегі, 48 жыл бойы күніне бір талдан егіп отырған. Саматтың өзі рикша болып жұмыс істейді, яғни, нәпақасын адам тасумен тауып жүр. Сондағы бар тапқаны – күніне 1 евро.

Оның бір дерті бар – түнде көз іле алмайды. Талай жылдан бері көрер таңды көзбен атырып келеді. Яғни, ұйқысыздықтан азап шегіп келеді. Ол бастапқыда екі қолын алдына сыйдыра алмайды, құр қарап отырмай тал егуді әдетіне айналдырады. Өзінің есебі бойынша, жаңылыспаса, осы уақытқа дейін 17 532 ағаш отырғызған. Ол талды мемлекет меншігіндегі жерге егуге тырысады. Өйткені, ағашты кесіп алуға мемлекеттің кәрінен жасқанып, ешкімнің батылы бармайды.

«Мен тек егіп қана қоймай, оларды суғарып, өскенше қадағалаймын. Мен табиғатты, соның ішінде, талды қатты жақсы көремін» дер еді өзі турасында ол. Оның айтуынша, бұл – өз отанына пайдасын тигізгісі келетін осы заманғы адамның бейнесі.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары