Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)
14 наурыз, 2017 жыл 530 Басып шығару нұсқасы

Наурыздың 12 күні Мадина қаласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде дұға намазын оқып жатқан ер адам сәждеге бас қойған күйі көз жұмды.

Бұл туралы Сауд Арабиясының бірқатар баспасөз құралдары хабарлады.

Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Аджил» газетінің хабарлауынша, қаза болған ер адамға мешіт күзетшілері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырмақ болған. Алайда олар ажалға араша тұра алмады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде сәждеге бас қойған күйі жан тәсілім еткен азаматтың суреті әлеуметтік желілерде тез таралып, аз уақыт ішінде миллиондаған жан көріп үлгерген.

stan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары