Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Талдықорғанда ананы сыйлаудың өзгеше үлгісін көрсететін шара өтті (ФОТО)
27 наурыз, 2017 жыл 140 Басып шығару нұсқасы

Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінің жамағаты аналарын құрметтеп, ардақтаудың өзгеше үлгісін көрсететін шара өткізді. Жиынға қатысқан әрбір мұсылман анасына деген махаббатын шын жүректен білдірді. Анасына Алладан дұға етіп, амандығын сұрап, қолдарынан сүйіп, мүбарак зәмзәм суынан ұсынды және аналарының аяғын жуып берді.

Әз аналардың аяғын жуу рәсімін өткізген соң, аналар қауымы өзінің балаларына ризашылығын білдірді. Хадисте: «Алланың разылығы - ата-ананың разылығында», - делінген.

Алла Тағала Құрандағы «Лұқман» сүресінің 14-аятында: «Маған және әке-шешеңе шүкір ет», - деп бұйырған. Ал, Пайғамбармыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жаннат -  аналардың табандарының астында» делінген. Біз, мұсылмандар, аналарымызды тек Наурыз мейрамы кезінде ғана емес, өмір бойы сыйлап өтуге міндеттіміз, борыштымыз.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары