Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақтөбеде көз жұмған келіншек жеті адамға өмір сыйлап кетті
30 наурыз, 2017 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Ақтөбеде 45 жастағы әйел өзі қайтыс болса да, жеті адамға өмір сыйлап кетті. Осыдан он күн бұрын жүрек талмасынан көз жұмған ақтөбелік тұрғын, өзінің жеті дене мүшесін өзге науқастарға беруге келісімін берген деп хабарлайды 31 арна.

Ота. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Мәйіттік донордан бүйрек, бауыр, жүрек, көз мүшелері алынып, қазір сол мүшелердің барлығы да мұқтаж адамдарға ота арқылы салынды. Айта кету керек, мұндай оталар Алматы, Астанадан кейін Ақтөбеде биыл бірінші рет жасалды.

31 жастағы Гүлназ осыдан алты жыл бұрын бүйрек ауруына шалдыққан. Қанша емделудің жолын іздеп ауруханалардың есігін тоздырғанымен еміне шипа таппапты.

Өмірі ұзарған әйелдің алғыстан басқа айтар сөзі жоқ

Сырқаты үдеп, екі бүйрегі де бірдей істен шығып, ақыры соңғы бес жыл бойы диалезге таңылдым дейді. Қазір Гүлназ - мәйіттік донор арқылы бүйрегін ауыстырғандардың бірі. Өмірі ұзарған Гүлназдың алғыстан басқа айтар сөзі жоқ.

"2011 жылдан бері ауырамын, 6 жыл болды. Ең бірінші Аллаға рахмет айтамын. Екінші мына донор берген кісілерге рахмет айтамын", - дейді ол.

Мәйіттің дене мүшелерін тірі адамға салу Ақтөбеде алғаш рет жасалған

Ақтөбе облыстық ауруханасының трансплантолог дәрігерінің айтуынша, мәйіттің дене мүшелерін тірі адамға салу Ақтөбеде алғаш рет жасалған. Бұған дейін туыстық тірі донор арқылы жеті адамның бауыры ауыстырылыпты.

Ал жеті мүшесін бірдей донорлыққа берген ақтөбелік әйелдің қазір екі бүйрегі екі адамға жаңа өмір сыйлаған. Жалпы жыл басынан бері Ақтөбеде дәл осындай мәйіттік донор арқылы бүйрек ауыстыруға төрт ота жасалып, сәтті шыққан.

Дәрігерлердің айтуынша, елімізде мәйіттік донор қызметі жақсы дамыса, сырқат адамдардың сауығуы да көп болар еді дейді. Өйткені мұндай жағдайдың 70-80 пайызында қайтыс болған адамдардың туыстары рұқсат бермейді екен.

nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары