Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ КЕПІЛАҚШАҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА ШЫҒАРДЫ
06 сәуір, 2017 жыл 194 Басып шығару нұсқасы

Кепілақша мәселесіне қатысты пәтуа мәтіні төмендегідей:

Кепілақша деп затты сатып алу үшін немесе мүлікті жалдау үшін ақшасының бір бөлігін алдын-ала төлеуді айтады. Егер тауарды сатып алатын болса немесе жалдайтын болса кепілақшаны сол заттың құнына немесе жалдаудың төлеміне қосып есептейді. Ал мүлік сатып алынбаған яки жалданбаған жағдайда кепілақша сатушының, жалға берушінің иелігінде қалады.

Кепілақша сауданы жүзеге асыруға әрі одан басқа затты сатып алмауына кепілдік береді. Сондай-ақ, ол – сатып алушының затты алуға ниетті екендігін нақтылайтын  келісімшарт.

Халықаралық ислам фиқһ академиясы сегізінші отырысында ғалымдар кепілақша саудасына қатысты мынадай қарар шығарды: «Егер кепілақшаны белгілі бір уақытқа дейін шектеп қойып, сосын сол аралықта тауарды алса, онда алдын ала берілген ақша заттың сомасына қосылып есептеледі. Ал шарт бойынша белгіленген уақыттан кешіксе, ақша сатушының иелігінде қалады».

 Үкім:  

– Сауда барысында сатып алушы затты алмаған жағдайда кепілақша сатушыда қалады.

– Кепілақша сомасы жергілікті қолданысқа қарай тараптардың келісімі бойынша белгіленеді әрі ол тауар құнының бір бөлігі болып есептеледі.

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары