Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әл-Азхар имамдары дұрыс дінді насихаттау әдісін тапты
07 сәуір, 2017 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

Әл-Азхар университеті халық арасында дінді уағыздауға «Алла жолына шақыру» ұранымен арнайы дін уағызшылар тобын тағайындады.

Бұл уағызшылар халық көп шоғырланатын ас үйлер, базарлар және т.б. әлеуметтік жерлерге барып халыққа діни насихат айтады. Сонымен қатар, уағызшылар тобы көкейде жүрген кез-келген халықтың сұрақтарына да жауап бере алады.

Аталмыш топ сырттан келген шетелдік азаматтардың арасына да барып, тура жолды насихаттайтын болады.

«Бұл бастама әл-Азхар шейхі тарапынан болды. Себебі, бүгінде Мысыр халқы мен оның қонақтары тура бағыттағы дінді насихаттауға, тануға мұқтаж. Бұл өз кезегінде бүгінде ислам әлемін алаңдатып отырған діни теріс пікірлерден сақтану жолдарының бірі болып табылады» деді топ мүшесі Юсуф Ражаб.

Kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары