Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

САУД АРАБИЯ КОРОЛІ НАЗАРБАЕВҚА ҚАСИЕТТІ ҚАҒБАНЫҢ ЖАМЫЛҒЫСЫН ТАРТУ ЕТТІ
13 сәуір, 2017 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім грамоталарын тапсырды. Осы орайда, Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға қасиетті Қағбаның жамылғысын тарту етті. Президент Сауд Арабия королі жолдаған қасиетті сыйды қуанышпен қабылдады. 

«Мен үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоғары мәртебе. Сенім грамотасын тапсырғаным үшін өте қуаныштымын», - дейді саудиялық елші. Осы орайда, елші Ақордаға Сауд Арабиясынан арнайы хат алып келгендігін алға тартты.

«Сауд Арабия королінің Қазақстанға ресми сапармен келуі жайында хатын жеткіздік. Осы сапар жақын арада орындалады деп үміттенеміз», - деді Захир бен Мутиш әл-Анези.

BAQ.KZ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары