Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: «EXPO-2017» КӨРМЕСІНДЕ БІРЛЕСЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
17 сәуір, 2017 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Астанада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Nusantara Associates директоры доктор Әли Шер мен «Green Tech Malaysia Corporation» Астана EXPO-2017 ассоциациясының консультанты Зайд Карим Шариді қабылдады. Кездесуде EXPO-2017 халықаралық көрмесіне орай атқарылатын бірқатар жоспарлар мен жобалар жан-жақты талқыланды.

Доктор Әли Шер мырза мен Зайд Карим Шари биыл қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа ауызашар ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.

Ресми қабылдауда, сонымен қатар, Қазақстанда халал банкинг жүйесін енгізу, оны жүзеге асыру жолдары, халал индустрия бойынша «EXPO-2017» көрмесі кезінде бірлесіп жұмыс жасау туралы ұсыныстар айтылып, кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, отырыс барысында елдегі халал индустриясының жағдайы да сөз болып, халал стандарттау жүйесіне қатысты түйіткіл мәселелер төңірегінде сөз қозғалды.

Малайзиялық қонақтар Діни басқармамен бірлесіп жұмыс жасау туралы ниетін білдіріп, бұл салаларды дамытуда қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

 

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары