Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ҮЙЛЕНЕТІН ҚЫЗ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?»
24 сәуір, 2017 жыл 483 Басып шығару нұсқасы

Үйленетін қыз қандай болуы керек? Жанұя құратын жасқа келіп, жар іздеген жандардың бұл сұрақ төңірегінде талай-талай ой тербейтіні сөзсіз. Отау көтеріп, отбасы атанғаннан кейін баянды бақытқа қол жеткізудің жолдары қандай? Күнделікті өмірде кездесіп жататын кикілжіңдердің кейіннен кеудедегі сезімді сөндірмесіне кім кепіл? Жалпы, жар таңдағанда қандай қасиеттерге мән берген абзал?+

Осы сынды көптеген сұрақтардың қазіргі таңда отау құратын жасқа жеткен жігіттердің жанын мазалап, жай таптырмасы анық. Содан да болар, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаевтың «Үйленетін қыз қандай болуы керек?» тақырыбындағы жексенбілік уағызына қатысушылардың қарасы қалың болды.

Білікті ұстаз өз уағызында отбасылық бақытқа жетудің жолдарын санамалап, жақсы жар таңдаудағы басты қағидалармен бөлісті. Қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен тұщымды дәлелдер келтіре отырып, үйленудің үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Тақырыптың тартымды болғаны соншалық, уағыз соңынан қойылатын сұрақтардың да көбісі жақсы жар, жанұя бақытына қатысты болды. Уағыздың бейненұсқасы жақын күндері сайтымыздың «Медиа» айдарына жүктелетін болады

Muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары