Кеше, яғни 23 сәуірден 24 сәуірге (жексенбіден дүйсенбіге) қараған түн – Миғраж түні. Ережеп айының 27 түнінде күллі әлем мұсылмандары Миғраж түнін қарсы алды. Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын) келіп Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 52 жасында Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне, одан көкке алып кетті.
Миғраж түні – Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көкке көтеріліп, жұмақ пен тозақты көрді. Исра уәл-Миғраж Алла Тағаланың Өзінің Сүйікті Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нәсіп еткен ең таңғажайып ғаламаттарының бірі. Исра және миғраж оқиғасы пайғамбарлықтың шамамен оныншы жылы, яғни ислам тарихында "қайғыға толы жыл” деп аталған кезде жүзеге асты.
Бұл түнді мұсылман қауымы Алла Тағаланы мадақтай отырып, құлшылықпен әрі осы түннің артықшылығы мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) таңғажайып түні көргендерін әңгімелеумен өткізеді.
Бұл туралы қасиетті Құранды: "Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрәк қылған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші”, – делінген ("Исра” сүресі, 1-аят).
Muftyat.kz
Пікірлер