Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақстан Күйшілерінің Одағы құрылуы мүмкін
17 мамыр, 2017 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан күйшілерінің одағы құрылады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы белгілі күйші Ерболат Мұстафа жазды.

«Сүйінші! Құрметті ағайын! Қазақ тарихында тұңғыш рет Қазақстан Күйшілерінің Одағы құрылмақшы. Концерт залдарының есігінен сығалап, жетім баланың күйін кешіп жүрген киелі күй өнерінің жанашырлары үн қосады деп сенеміз. Асқар таудан бастау алған мөлдір бұлақ ұшан теңізге айналатыны сияқты, ұлттық өнермен сусындаған өнерпаз ғана биік белестерге жете алады. Ал, ағайын, іске сәт! "Күй өнері" атты таудың шыңында тұрған Шәміл ағаға қолқабыс тигізейік» деген күйші өзінің әлеуметтік жазбасында.


 

qamshy.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары