Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шетелде оқып келгендерге имамдық қызметті атқаруға рұқсат етті
24 маусым, 2017 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Әзірбайжанда шетелдік ислами жоғарғы оқу орнында білім алып келгендерді имамдық қызметке алмау туралы тыйымның күші жойылды. Тиісті толықтырулар "Наным-сенім бостандығы туралы" заңға енгізіліп, оған ел президенті Илхам Әлиев қол қойды. Аталмыш заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес шетелдегі ислами жоғары білім алып келгендер ендігі жерде ел аумағында діни қызметтерге кірісе алады. Оларға тиісті рұқсатты Кваказ мұсылмандар діни басқармасы беретін болады. Десе де шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ел аумағында діни рәсімдер мен қызметтерді атқара алмайды және ондай тұлғаларға діни насихат айтуына тыйым салынған. Тек аттай қалап, арнайы шақыртқан діни мамандар ғана ел аумағында діни насихат айта алады.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары