Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қажылыққа баратындардың жасын ұлғайтты
24 маусым, 2017 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

Тәжікстанның дін істері және салт-дәстүрді реттеу жөніндегі комитеті мәлім еткендей, қажылық парызын өтеу үшін қасиетті сапарға аттанғысы келетіндердің жасын ұлғайтқан. Бұдан былай аталған елде тек 40 жасқа толғандар және 40 жастан асқандар ғана қасиетті сапарға аттана алады. Тәжікстанда бұрын да мұндай шара қолға алынған болатын. Нақтырақ айтқанда, 2010 жылы  18 жасқа толмағандар мен жасы 80-нен асып кеткендерге қажылыққа баруына тыйым салынған болатын. Ал 2015 жылғы шектеу бойынша жасы 35-тен асқандар ғана қасиетті сапарға аттана алатын еді. Сөз реті келгенде айта кету керек, өткен жылы Тәжікстаннан қасиетті сапарға 6 мың адам аттанған болатын. Тәжікстанда 8,5 млн мұсылман өмір сүреді. Тәжікстанның дін істері және салт-дәстүрді реттеу жөніндегі комитеті мамандарының ұйғарымы бойынша  квота 8 млн-нан кем болмуы тиіс. Алайда, Саудия билігі бұл елге квотаны көбейтуге асығар емес. 

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары