Қарағанды 05:31 Таң
  • 05:31 Таң
  • 06:55 Күн
  • 13:04 Бесін
  • 17:08 Екінті
  • 19:02 Шам
  • 20:26 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Ораза айт мерекесі аталып өтті (фото)

Рамазан айының аяқталуымен келетін үш күндік Ораза айтының қадір-қасиеті ерекше. Алла Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді. Үш күн тойланатын Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен бас­талды. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұ­хаммед (с.ғ.с.) өз өсиетінде: «Айт күні бірінші орындайтынымыз - намаз оқу», - деген екен. Бұл намаз Исламның ұраны болғандықтан, пайғамбарымыз Мұ­хаммед (с.ғ.с.) өмірінде оны бір рет те қал­дырмай оқыған. Айтта мұсылмандардың бір-бірімен татулықтарын арттыруы - мерекенің негізгі сәні. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір-біріңе сыйлық беріп, татуласыңдар... Бір-біріңе берген сыйлықтарың - араларыңдағы өшпенділікті жояды», - деп өсиет еткен. Ол күні ер­терек тұрып, ғұсыл алып, мешітке - айт нама­зы­на хош иісті болып бару - Пайғам­бары­мыздың (с.ғ.с.) сүйсіне жасайтын амалынан екен. Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Айт күнінің негізгі ерекшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады. Осы орайда Қарағанды қалалық «әл-Мәшәни» мешітінде айт намазынан соң ауқымды іс-шаралар өткізілді. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлы таң намазынан бастап, айт намазына дейін тұщымды уағыз айтып, халықты шүкіршілік пен татулыққа үндеді. Ораза айтының мән-маңызын түсіндірді. Бас имамның басшылығымен қалың жамағатқа айт намазынан соң алты қазан палау даярланып, қосымша тағамдармен дастархан жайылды. Бұқара халық бір-бірін айтпен құттықтап, берекелі дастарханнан дәм татты. Одан соң спорттық сайыстар жоспар бойынша өткізілді. Қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қашықтыққа жүгіру, волейбол ойындарының жеңімпаздарына марапаттау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Осы игі шара барысында мүгедек балалар үйінен алпыс баланы арнайы алдырып, оларға тәтті тағамдар мен балмұздақтар берілді. Ойындар ойнатылды. Ораза айтынан сыйлық ретінде мектеп құралдары сыйланды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысқан ауқымды мерекелік іс-шара өз мәнінде атқарылды. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы берекелі мерекенің құрметті қонағы болды. Бұл мереке күндері мұсылман бауыр­ла­рымызға мейіріммен қарап, ауру-сыр­қау­лардың көңілін сұрау, кембағалдарға қа­рай­ласып, қуандыру - ең сауапты да абзал іс. Ендеше қасиетті Рамазан айынан кейін келген Мүбәрак Ораза айт мерекесі баршамыз үшін құтты болсын!

Қарағанды қалалық «әл-Мәшәни» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    26 қыркүйек 2017 жыл Asyldin.kz сайты ашылды
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика