Қарағанды 12:59 Бесін
  • 06:58 Таң
  • 08:28 Күн
  • 12:59 Бесін
  • 15:33 Екінті
  • 17:19 Шам
  • 18:50 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Бас мүфти «Қум сахаба» мешітінің ашылуына қатысты

Жаңақорған кентінде «Қум сахаба» мешітінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және ел ағалары мен жергілікті жамағат қатысты.

Рухани шараның шымылдығын түрген облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров Құран оқып, бабалар рухына дұға бағыштады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіт салудың мол сауапқа кенелтетінін жеткізіп, «Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Кім Алланың дидарын қалап, оның жердегі үйін тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» деп, мешіт салудың сауабы жәннат боларына уәде етті.  Тағы бір хадисте «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» делінген. Осындай ұлы сауаптарға септігі тиген барша азаматтарға Алла жақсылықтар жазғай» деп, ақ тілегін білдірді.

Сөз соңында бас мүфти «Қум сахаба» мешітінің бас имамы Ержан Сейтжаппаровқа қасиетті Құран Кәрім кітабы мен аят жазылған арнайы естелік суретті табыстады.

Мұнан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет: «Мешіт – имандылықтың ордасы. Санаңа сансыз сәуле себетін, көкірек көзіңе ізгілікті кіргізетін имандылық үйі. Тәуелсіздік алған бойда ата дінді істеп тауып, шариғатпен өмірін өрнектей бастады. Міне, соның айғағы осы Алла үйі. Бүгін аудан орталығынан ашылып жатқан мешіттен келешегі иманды жас ұрпақтар  тәрбиеленіп шығады деген сенім мол», – деді.

Салтанатты шарада қасиетті  құлшылық үйінің лентасы қиылып, жиылған жамағат намаз оқып, мешіттің ішкі мүмкіндіктерімен танысты. Бір мезетте 400-ге жуық адамның құлшылық жасауына қолайлы жаңа мешіт 4 айда тұрғызылған

muslim.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    22 қараша 2017 жыл Жезқазған аймағына қарасты имамдар сынақ тапсырыды
         ҚМДБ - ның төрағасы, бас Мүфти Ержан қажы Малғажыыұлының тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық имамдар мен дін қызметкерлерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Мұсылманның тұлғалық бейнесі", "Имамның тұғырлық бейнесі", "ҚМДБ ның қызметкерлерінің этикасы" және "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы", "ҚМДБ қызметін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы" қатарлы құжаттардан сынақ тапсырған болатын. Осы мақсатта Жезқазған аймағына қарасты барлық имамдар Жезқазған қаласы, "Ахмет Ишан Оразайұлы" мешітіне қарасты сауат ашу курсында эмтихантапсырды.             Сынақ төрағасы, ҚМДБ ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы - теолог Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлерінің біліктілігі мен білімділігін сараптаудан өткізді. Өңірге қарасты ыбарлық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, молдалары мен азаншылары шариғат, ақида ілімдерімен қатар діни басқарма бекіткен  имамның этикасы, дін мен дәстүр сабақтастығы секілді сұрақтарға жауап берді.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика