Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Имамдардың жалақысы мәселесін шешетін қор құрылады
12 шілде, 2017 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Дін саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін арнайы корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. 

"Елбасының тапсырмасына сәйкес арнайы корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. Ол Әділет министрлігінде тіркелді. Бұл қордың басты мақсаттары — мұсылмандық және басқа да көздерден түсетін қайырымдылық қаражатты жинақтау, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және осыл топтарға көмек беру, қайырымдылықтан түскен қаржыны және тапқан табысты зайырлы мақсаттарға бағыттау", — деп мәлім етті Ермекбаев. 

Тағы да бір өте маңызды бағыт  - имамдарды қамтамасыз ету. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда имамдардың жалақысы қайырымдылықтан түскен қаражатқа тікелей байланысты. Егер үлкен қалаларда имамдардың жағдайы салыстырмалы түрде бірқалыпты болса, аудан орталықтары мен шалғай елді мекендерде олардың жағдайы өте тұрақсыз. 

"Осы жағдай имамдардың ел арасындағы имиджіне нұқсан келтіреді. Себебі бұл жайтты деструктивті діни ағым өкілдері пайдаланады, имамдарды мұқатып, оларға жамағатты қарсы қойып, ірікті салу әрекеттерін жасауда. 

Жалпы, білім мен біліктілігі жоғары имамдарды діни тұрғыда проблемалы аймақтарға тарту және шалғай елді мекендерге қызмет атқаруға жіберу өте қиын болып кетті. Республика бойынша 150-ден астам мешітте имам мүлдем жоқ. Басқаларында ауысу фактілері жиі кездеседі. Бүгін біз имамдардың жалақысына тікелей бюджеттен қаражат бөле алмаймыз. Сондықтан бұл қор аталған өзекті мәселелерді шеше алады деп үміттенеміз", — деді министр. 

Қордың құрылтайшылары  - министрлікке қарасты Мәдениет және дін халықаралық орталығы, дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы және Дінтанушылар конгресі.   Қордың қамқоршылар кеңесі де жасақталыпты. Олар қордың ашықтығын қамтамасыз ететін болады. 

"Қамқоршылар кеңесінде парламент депутаты, Бас мүфти, Қаржы министрлігі, Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Астана" халықаралық қаржы орталының өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері бар. Кеңес төрағасы дін саласындағы өкілетті органның жетекшісі болып табылады. 

Сонымен бірге, қордың алқалық атқару органы, басқарманың төрағасы мен алқа мүшелері сайланды. Дін саласының және қордың мақсаттарының маңыздылығын ескере отырып, барлық дін саласына жаны ашитын адамдарды және кәсіпкерлерді, ұйымдарды қорды қолдауға шақырамын", — деді министр.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары