Қарағанды 15:35 Екінті
  • 06:55 Таң
  • 08:25 Күн
  • 12:59 Бесін
  • 15:35 Екінті
  • 17:21 Шам
  • 18:52 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

ЫСТАМБҰЛДА ӨЗГЕШЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰРЫЛМАҚ

Түркияның Ыстамбұл қаласында арабша, түрікше және ағылшынша білім беретін Халықаралық Ислам Университеті құрылмақшы. Осылайша, Түркия - Ислам әлемінің ілім орталығы болмақ. Бұл жайында Түркияның «Yeni Şafak» газеті жазды.
Жаңадан ашылатын университет мұсылман әлеміндегі проблемаларға шешім іздеп, дін атын жамылған ұйымдарға қарсы жаһандық бір ғылыми күрес бастамақ.
Қазіргі уақытта Түркия күллі Ислам әлемінің орталығы болатын бұл үлкен жобаның дайындығына кірісіп те кетті. 2015 жылдан осы күнге дейін айтылып келген Халықаралық Ислам Университеті жобасына дайындық қысқа уақыттың ішінде бітпекші. Ал 2019-2020 жылдары Университеттің құрылуы жоспарлануда.
Құрылатын Университет Мысырдың Каир қаласындағы Әл-Әзһар немесе Меккедегі Ислам Университетінен де өзгерек болмақ. Университетте дәріс үш тілде: арабша, түрікше және ағылшынша жүрмек. Шетелден оқушы қабылдайтындықтан Университетке шетел Ислам ғалымдары да тартылатын болады. Сириядағы соғысқа байланысты Шам және Халебтен келіп Түркияны паналаған 100-ден астам Ислам ғұламалары да бұл университетке тартылмақ.
Күллі Әлемге Ислам білімдерін оқыту саласында оқу жүйесі бағдарламаларын құратын Ислам Университеті академиялық жұмыстармен қатар дін атын жамылған ИСИМ, FETÖ (Фетхуллаһ террористік ұйымы), Боко Харам секілді ұйымдарға қарсы да ғылыми тұрғыда күрес жүргізбек. Халықаралық Университеттің бір мақсаты да діни ағымдар арасындағы қақтығыстарға шешім жолдарын табу болмақ. Бұл мәселеде ғылыми дипломатия жұмыстары да көзделуде.
Арабша грамматикадан бөлек Пайғамбар өмір тарихы, хадис, фықһ, Ислам құқығы секілді салаларда білім беретін университетке Ислам әлемінің шартарапынан он мыңдаған оқушы қабылдау көзделуде. Университеттің құрылуымен қатар басқа елдердегі жоғарғы білім жүйелері тарапынан танылуы үшін де жұмыстар атқарылмақ. Университеттің басты мақсаты әлемде оқыған дін маманы жетіспеушілігінің орнын толтыру және дінді кем немесе қате жорамалдайтын ұйымдардың әрекет алаңдарын жабу болмақ.
Университетте тек қана бакалавр білімі берілмейді. Университет аясында құрылатын институттар арқылы өз саласының маманы болатын тұлғаларды да тәрбиелеп шығармақ. Бүкіл әлем мұсылмандарына қызмет беретін жүздеген дін адамдарын оқытпақ.

ihsan.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика