Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЖЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
07 тамыз, 2017 жыл 490 Басып шығару нұсқасы

Қажылық – исламның бесінші шарты. Жағдайы жететін адамның өмірінде бір рет қасиетті Қағбаға барып қажылыққа тән болған ғибадаттарды орындауы парыз екені белгілі.

Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Бес парыздың бірі – қажылық» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарды қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Дайрабай Рысбай мен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт жүргізді.

«Қабыл болған қажылық өткен күнәларды жояды.» деп хадисте келтірілгендей қажылықты ережесімен дұрыс орындаудың да маңыздылығы зор. Қажылық ғибадаты үлкен парыздардың бірі болғандықтан оның орындалу тәртібі, қойылған талаптары мен міндеттерін толық білу де маңызды.

Семинарда қатысушыларға қажылық турасында, қажылықты өтеу барысындағы әдеп, киім кию үлгісі, орындалуы тиіс шарттар барлығы дерлік толығымен түсіндірілді.

Өз кезегінде қатысушылар сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары