Қарағанды 15:35 Екінті
  • 06:55 Таң
  • 08:25 Күн
  • 12:59 Бесін
  • 15:35 Екінті
  • 17:21 Шам
  • 18:52 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Әлеуметтік желілердегі уағызға қатысты ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Əлеуметтік желі қолданушыларының Сманов Абдулаxад Əбдісаттарұлының «Жәннаттағы хор қыздары» туралы уағызына байланысты туындаған пікірлері мен сауалдарына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлімдейді:

Біріншіден, Абдулаxад Əбдісаттарұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері де, мешіт имамы да емес. Аталған тұлғаның ҚМДБ жолдамасымен шетелде оқып жүр деген ақпарат орынсыз. Оған ешқандай жолдама берілген емес.

Екіншіден, айтылған уағыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымы мен көзқарасын білдірмейді.

Үшіншіден, жәннатта әр еркекке 4900 әйел беріледі деген сөздің негізі жоқ. Бұл жөнінде сахих хадистер келмеген.

Имам Бухаридың сахих жинағындағы Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте «әрбір жәннат иесіне екі хор қызы беріледі» делінген (Ибн Хажар әл-Асқалани. Фәтху әл-Бәри шарху сахихи әл-Бухари. «Жаратылыстың басталуы» кітабы, «Жәннаттың сипаты және оның жаратылғандығы туралы» бабы, №3245. – Бейрут: әл-Мактабәту әл-асрия, 2007. – Т.5. – 3833 б.). Алайда, бұл хадисте бірнеше әйел алса жәннат иесіне тиесілі қор қыздарының саны артады деген мағына шықпайды. Оны Абдулахад Əбдісаттарұлының өзі бұрмалаған.

Қоғамдағы діни мәселелер бойынша пәтуа шығаратын ресми мекеме – ҚМДБ, оның Ғұламалар Кеңесі, шариғат және пәтуа бөлімі. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман жамағатын кез келген, әсіресе түрлі əлеуметтік желілердегі қисынсыз, бейресми діни мағлұматтарға ден қоймауға, қандай да бір діни сауал туындаса, мүмкіндігінше мешіт имамдарынан келіп жөн сұрауға, ғаламтордағы діни мәліметті ҚМДБ-ға қарасты сайттар мен әлеуметтік желілерден ғана алуға шақырады.+

Жеке тұлғалардың əлеуметтік желілердегі парақшасында жариялаған аудио жəне бейнежазбаларына бақылау жасауына ҚМДБ-ның құқықтық өкілеттігі жоқ екенін мәлімдейді.

muftyat.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика