Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақстанда халал-ипотека пайда болуы мүмкін
08 қыркүйек, 2017 жыл 324 Басып шығару нұсқасы

“Астана” халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі” АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директоры Саясат Нұрбек халал-ипотеканың пайда болуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Zakon.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Оның айтуынша, халал-ипотека елімізде бірнеше жылдан соң пайда болуы мүмкін. Бұл жергілікті қаржы институттарына тікелей байланысты. Евразия нарығында қазіргі таңда 100 миллиондай адам тұратындықтан (20 млн – Ресей, 70-80 млн – Орта Азия аумағында) бұл исламдық қаржыландыру үшін аса тиімді болмақ.

“Қазір исламға қатысы жоқ Лондон, Люксембург, Франкфурт секілді қалалардың өзі ислам қаржы жүйесін тарта бастады”, – дейді Нұрбек. Айтуынша, қазіргі кезде халық әдеттегі қаржылық қызметтерден бас тартып, оның балама көздерін іздей бастаған. Осындай кезде ислам қаржы жүйесінің өз қызметін ұсынуы таптырмас мүмкіндік.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары