Қарағанды 08:21 Күн
  • 06:51 Таң
  • 08:21 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:24 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

«УАҚЫП» ҚОРЫ БАНКТЕРМЕН ЖӘНЕ МЕЦЕНАТТАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Қазақстандық «Уақып қоры»» корпоративтік қайырымдылық қоры жанындағы Қамқоршылар кеңесінің екінші отырысы өтті. Кездесуге Қамқоршылық кеңесінің барлық мүшелері – Парламент Сенатының депутаты, бас мүфти,  Қазақстан дінтанушылары Конгресінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері және көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Кеңес мүшелері қор қаржысына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кеңес жұмысын бастаған министр Нұрлан Ермекбаев халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, діни ғимараттар мен Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі дін қызметкерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Қазіргі уақытта қайырымдылық қорына алғашқы қаражат келіп түсті.  Бірінші жарнаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жасады. Кейбір коммерциялық ұйымдар мен жекелеген тұлғалар Қормен ынтымақтастық орнатуға үлкен ықылас білдіруде және өздерінің алғашқы қаржылай көмектерін  көрсетіп үлгерді» - деді Нұрлан Ермекбаев. Кеңес отырысы барысында Министр Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен тағайындалған Қамқоршылар Кеңесінің жаңа мүшесі және хатшысы Еркін Оңғарбаевты таныстырды. Өз кезегінде «Уақып» Қорының Президенті Қайрат Айтбай Қордың қайырымдылық бағдарламасы мен жұмысын таныстырып өтті. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды, оларды қарау нәтижелері бойынша Қордың қайырымдылық бағдарламалары, қайырымдылық көмек көрсету жобаларын іріктеу ережелері, Қордың көмек алушыларының есеп беру тәртібі, Қордың жұмыс жоспары және 2017 жылға арналған бюджеті бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, «Уақып» қоры коммерциялық емес қайырымдылық ұйым болып табылады, оның қызметі дәстүрлі құндылықтар мен руханилықты қолдауға, діни радикализм мен фанатизмнің алдын алуға, әлеуметтік жобаларды, білім беру бағытындағы тәрбиелік іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыруға және діни институттардың жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.

muslim.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    26 қыркүйек 2017 жыл Asyldin.kz сайты ашылды
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика