Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

УАҚЫТ ТАЛАБЫМЕН ТҰЖЫРЫМДАЛҒАН «УАҚЫП» ҚОРЫ
06 қараша, 2017 жыл 277 Басып шығару нұсқасы

Уақып қорының уақыты келді

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

Қазіргі таңда діни тұрғыда зекет, мирас, сауда-саттық және басқа да құқықтық жағдайларға қатысты мәселелердің қоғамдағы ролі артып келеді. Халықтың діни сауаттылық деңгейінің өскені олардың діни құндылықтарға деген ықыласының артқаны деп түсінеміз. Бұқара халықтың діни сауаттылығының артып, деңгейінің өскені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарқынды жұмыстарының нәтижесінен болып отыр. Бүгінде қолға алынып отырған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры қоғамдағы түйткілді мәселені шешуді  көркем түрде атқаруды бастады. Бұл қорға әрбір мұсылман өз мүмкіндігіне қарай демеу көрсетіп, қолда бар нығметтерді сауапты іске жұмсауды ниет етсе нұр үстіне нұр болады. Қордың маңызды әлеуметтік жобаларды қолдай отырып, қайырымдылық шараларды жоспарлауы, әсіресе  радикализмнің алдын алуға бағытталған деректі және көркем фильмдерді шығаруға ықпал етуі уақыт талабынан туындап отырған  игілікті іс. Әрине мемлекетіміздің өз кезегінде еліміздің әлеуметтік және діни тұтастықта атқарып отырған жұмысы аз емес. Тәуелсіз ашық аспан астында ғұмыр кешіп отырған бізге бір мақсатта жұмылып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ел еңсесін тік ұстауға ықпал ету әрбір азаматтың борышы деп түсінгеніміз жөн. Рухани адамгершілік құндылықтарды дамытуға, діни бірлестік қызметкерлеріне қолдау көрсету, жұмыссыз жандарға қаржылай көмек беру ісінде бірізділікті негізге алған қордың аясына топтасу арқылы Алла алдында сауапқа кенелеміз. «Уақып» қоры сөз бен істі сабақтастырып ауқымды іс жасап келеді. Қарағанды өңіріне қарасты өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттерінде қалтқысыз қызмет атқарып отырған 25 имамға қаржылай жәрдем көрсетілуде. Бірер жылдан бері қайырымдылық іс-шараларды кеңінен атқарып келе жатқан «Зекет» қорының осы «Уақып» қорына құрылтайшы болуының өзінде ауызбірлік пен ниеттің тұтастығы жатыр. Мән беріп қарайтын болсақ, Исламдағы кез-келген құлшылық адамзатты кәміл қоғамға жеткізуге негізделген. Өйткені, зекет садақаның өзі Исламдағы парыздың бірі болғандықтан, ел тағдырының жауапкершілігін тек мемлекетке артып қоймай, саналы түрде қолымыздағы Алланың берген мал-дүниесінен ел игілігіне жарату мүмкіндігін пайдаланайық.

 

 Құран Кәрімде «Кімде-кім (малынан) берсе, тақуалық етсе және (Алладан басқа құдай жоқ сөзінің) ақиқат екендігін шын жүрегімен растаса, Біз де оны олар үшін мәңгілік бақытқа жеткізетін жолды жеңілдетеміз. Ал, кімде-кім сараңдық жасаса және Аллаға мұқтаждығын сезінбесе, әрі ең жақсысын жалғандайтын болса, қиын жолға саламыз» деген. (Ләйл сүресі 5-10 аяттар) Жалпы құлшылықтар екі түрлі жолмен атқарылады. Бірі денемен орындалса, екіншісі мал-дүниесімен. Аталмыш қорда қолында материалдық мүмкіндігі жоқ азаматтардың ерікті түрде «волонтерлік» жұмыстарға арнауына да бағыт берілген. Жекелеген адамның қоғамдық жұмыстарды тегін атқарып беруі, уақытымыз бен денеміздің садақасы болып саналады. Қорыта айтқанда, қордың жан-жақты екшеліп жасалған жобалары ел мүддесіне сай даярланған маңызды жоба.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы,

          облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Ө.Қ.Бекқожа

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары