Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұсылман елінде криптовалютаға тыйым салынды
27 қараша, 2017 жыл 213 Басып шығару нұсқасы

Мароккода криптовалютамен байланысты кез келген қаржылық операцияны жүзеге асыруға қатаң тыйым салынды. Бұл жайында аталған елдің валютаны бақылау басқармасы мәлім етті. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, виртуалды валютамен транзакцияны жүзеге асыратындар айырбастау ережесін өрескел бұзатындықтан, мұндай қадамға барғандарға айыппұл салуды ұсынып отыр. Мароккалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, аталған елдегі бұл тыйым өз кезегінде әлемді, соның ішінде жергілікті инвесторлар мен трейдерлерді шарпыған биткоин науқанына қарсы қолданған шара. Бұдан бөлек, аталған тыйымның салынуына басқа да факторлар өз әсерін тигізгенін айта кету керек: сандық валютаны төлем құралы ретінде пайдалану. Валютаны бақылау басқармасының мамандары өзге елдермен жүргізілетін қаржылық операциялар делдалдар және Марокконың мемлекеттік банкі бекіткен валюталар арқылы жүзеге асырылуын талап етіп отыр. Криптовалютаны аталған елдің бас қаржы мекемесі қолдамайды. Тәуекелі көп болғаны үшін. Десе де аталған елдегі инвесторларды бұл тыйым тоқтата ала ма? Мәселе сонда болып тұр: кейбір дерек көздерінің ақпары бойынша жыл сайын бұл елде криптовалютамен 200 мың доллар шамасында мәмілелер орындалады екен.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары